Алтын Адам The Golden Man
Есік қорғанынан табылған сақ «Алтын адамынан» шабыт алған фильм. Жас мұрагер билікке лайық екенін дәлелдеуі керек. Шытырман сапар барысында ол нағыз «алтын» — мейірімділік, адалдық пен адамгершілік екенін түсінеді. Ежелгі қабырға суреттері мен сәулет өнерінің бояулары қолмен салынған 2D анимацияда қайта жанданды. Фильм 2025 жылғы 5 маусымда Қазақстан кинотеатрларында жарыққа шықты.
Режиссерлері: Тұрдыбек Майдан, Тілек Төлеуғазы. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілді.
Трейлерді көру